"КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

Түркістан облысында педагогтар арасында дәстүрлі спартакиада өтуде!

Қазіргі таңда Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында “Д.Құрманбек” атындағы №20 колледжде спартакиада өз жалғасын табуда.

     Бұл жарыс – тек спорттық дода ғана емес, ұстаздар қауымының бірлігі мен ынтымағын, салауатты өмір салтын ұстану.

   Спартакиада барысында волейбол, футбол, үстел теннисі, баскетбол, асық ату, тоғызқұмалақ сынды бірнеше спорт түрінен тартысты сайыстар өтуде.

    Әрбір команда өз абыройы үшін аянбай тер төгіп, ұйымшылдық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетуде.

Осындай іс-шаралар арқылы педагогтар арасындағы байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға да зор мүмкіндік туып отыр.

   Білім мен спорт қатар өркендесе, қоғам да мықты, болашақта нық болады! Біздің ата-бабаларымыз "тәні саудың жаны сау" деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Барша әріптестерге сәттілік, өзімізге жарқын жеңістер тілеймін!

https://www.facebook.com/share/p/16HH7W6Dva/

Write comment (0 Comments)

ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ ЖЕТІСТІК!

          17.05.2025жылы  Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында орналасқан Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің базасында Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында үш күн бойы өткен дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті

Ауқымды шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген 26 колледждің командалары қатысып, әртүрлі спорт түрлерінен сайысқа түсті. Бұл жарыс тек дене шынықтыру мен спорттық шеберліктің емес, сонымен қатар ұйымшылдық пен рухтың сыналар алаңына айналды.

     Біздің колледждің құрамасы бұл додада жоғары деңгейдегі дайындық пен ерекше белсенділік танытып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

Тоғызқұмалақ – І орын

Асық ату – І орын

Қыздар волейболы – І орын

Үстел теннисі – ІІ орын

Футбол – ІІ орын

Осылайша, жалпыкомандалық есеп бойынша колледжіміз екінші орынды иеленіп, өз білім ордамыздың мерейін үстем етті. Колледжіміздің намысын қорғаған барлық қызметкерлерге зор алғыс білдіреміз!

Жеңісіміз құтты болсын!

Бірлік бар жерде – береке бар!

https://www.facebook.com/share/p/1DuVTjfN9B/

Write comment (0 Comments)

Кәсіптік бағдар бойынша үгіт-насихат жүргізу.

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде 2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануына байланысты, Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асыруда.

Аталған бастама аясында колледж қаламыздағы жалпы орта білім беретін мектептердің 9 және 11-сынып бітіруші түлектерімен үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды түрде жүргізді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты — оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен болашағы зор екенін түсіндіру, техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру, сонымен қатар колледжде ұсынылатын білім беру бағдарламаларымен таныстыру болды.

Үгіт-насихат барысында оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы, дуальді оқыту жүйесі, тәжірибелік сабақтардың ерекшелігі мен түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Мектеп оқушылары тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, көптеген түлек колледжге оқуға түсуге ниет білдірді. Бұл шаралар болашақта білікті жұмысшы кадрларын даярлауға, жастар арасында техникалық мамандықтардың беделін арттыруға зор ықпалын тигізері сөзсіз.

https://www.facebook.com/share/p/1JE1QvvmfH/

Write comment (0 Comments)

"Таза Қазақстан" экоакциясы

02.05.2025жылы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде "Таза Қазақстан" экоакциясы шеңберінде  сенбілік  тазалық жұмыстары жүргізілді. Колледж ұжымы және студенттері оқу ғимаратының аумағын тазалап , көшелерді сыпырып, қоқыстарды шығарды.

#ТазаҚазақстан

#Сенбілікеріктіеңбек

https://www.facebook.com/share/p/19AhMSTF13/

Write comment (0 Comments)

ЖАСТАР ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

29.04.2025 жылТүркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Өнегелі ұрпақ» атты ауқымды іс-шара өтті. Шараға Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжіміздің 100 студенттері мен жас депутаттар белсене қатысты.

Экологиялық бастама аясында қатысушылар Қызылорда тас жолының бойымен өтетін Қарашық өзенінің айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бұл жұмыстар арқылы жастар табиғатты қорғауға өздерінің азаматтық үлестерін қосты.

Игі шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты қоршаған ортаны аялауға, тазалық пен тәртіпке баулуға, табиғатқа жанашыр болуға және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге бағытталды.

Қала тұрғындарын табиғатқа бейжай қарамай, Қарашық өзенінің маңын таза ұстауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Таза қала – ортақ міндет!

 https://www.facebook.com/share/v/18RNR8eZgo/

 

Write comment (0 Comments)

“Қош келдің, Әз-Наурыз!”

10-шы сәуір күні өтілген “Қош келдің, Әз-Наурыз!” атты іс-шарада бірлік пен береке, шаттық пен қуаныш қатар өрбіді. Ұлттық ойындар, ән-күй, дәмі тіл үйірер наурыз көже – бәрі де көпшіліктің көңілінен шықты!

Жаңарған жыл баршаңызға жақсылық, молшылық, денсаулық пен табыс әкелсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

https://www.facebook.com/share/r/1GALCpZfjs/

Write comment (0 Comments)

Қарттарымызға қайырымдылық жасау.

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қарттарымыздың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

Осы орайда, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-мен бірлесе отырып  2025 жылы 28-сәуір “Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы” жобасы аясында колледжіміздің студенттері мүмкіндігі шектеулі қарттарымыздың үйіне барып тазалық жұмыстарын жүргізді.

https://www.facebook.com/share/v/1PNHxR8SmD/

Write comment (0 Comments)

WorldSkills Turkistan–2025 Чемпионаты ашылды!

23 сәуір күні Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде

Облыстық WorldSkills Turkistan–2025 чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

 

Ашылу салтанатында Түркістан облысы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Налжігітова Рысалды Оңғарқызы, Кірпіш қалау бағыты бойынша WorldSkills Қазақстан чемпионатының бас сарапшысы, Семей құрылыс колледжінің аға шебері Макишев Асқар Навиевич, Колледж директоры Абпазов Айдос Кенжеханұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға ыстық ықыластарын білдіріп, сәттілік тіледі.

 

Шара барысында колледж студенттері ән айтып, би билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Чемпионат аясындағы сайыстар әлі жалғасуда. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

https://www.facebook.com/share/v/1AH4RMXCeA/

 

Write comment (0 Comments)

Колледж туралы

Түркістан қаласындағы Көпсалалы идустриалды-техникалық колледжі 1971 жылғы тамыз айында №93 орта кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.

Байланыс

Тел: +7 725 33 5-27-51

Факс: +7 725 33 5-27-51

+7 701 025 05 05

e-mail: kl-21_kairat@mail.ru

 

 

Біздің мекен-жай:

Кері байланыс