Сәуір айының 2 жұлдызында «Ғылыми-жаратылыстану» әдістемелік бірлестігінің «Тән саулығы, жан саулығы» тақырыбы аясында он күндіктің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатының мақсаты «Білім алушылардың денсаулық туралы түсінігін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ұғындыру, физикалық және психологиялық саулықтың өзара байланысын көрсету. Денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаларын үйрету, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және психологиялық тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру» Ашылу салтанатты барысында «Жасыл аймақ» көрмесі ұйымдастырылды. Табиғаттың адам үшін маңыздылығы түсіндіріліп, табиғаттың тазалығын сақтау үшін қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары туралы айтылды. Сонымен қатар «Денсаулық бұрышы» ұйымдастырылып, оқытушылар мен студенттердің қан қысымын, қандағы глюкоза, су, май, кальция мөлшерін анықтап берді. Нәтижелерге байланысты тамақтану бойынша кеңес берілді.
«Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша жаңа технологиялардың жұмыс істеу барысымен таныстырылды. Сергіту сәтінде логикалық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.
https://fb.watch/yQs6D6XK3N/