"КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

ТАЛАПКЕР


Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі Түркістан қаласындағы 90 жылдық тарихы бар,  ұлттық тәлім-тәрбие мен білім құндылықтарын, кәсіби мамандықты игертудің бай тәжірибесін жинақтаған ілгері білім ордаларының бірі.

Колледжде (Мамандықтар айтылады) мамандықтары бойынша сапалы білім алуға бар жағдай жасалынған.

 Бүгінде колледждің материалдық-техникалық базасы нығайып, 11 шеберхана, 2 алаң студенттерге терең де тиянақты білім беру үшін тұрақты жұмыс жасайды.

Колледж студенттері таңдаған мамандықтарын, білімін жетілдіруде колледж кітапханасы әр уақытта қалыпты жұмыс жасайды. Кітапханадағы жалпы кітап қоры- 38117 дана, оның ішінде мамандықтар бойынша кітап саны- 18792  және кітапхана қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі әдеби кітаптармен толықтырылған. Оқу залы 35 орындыққа арналған.

Колледжде сонымен қатар студенттерге арналған ғимараттар орналасқан:

Жатақхана-80 студентке арналған 1 қабатты. Жатақханада арнайы демалыс бөлмесі, жуынатын бөлме бар, жатақхана студенттерімен арнайы психологтар мен социологтар жұмыс жасайды.

Колледжде студенттерді бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін  160 орынмен толықтырылған асхана бар, 200 орынды мәжіліс залы мен түрлі спорттық ойындарға қажетті құралдармен жабдықталған үлкен спорт алаңдары бар.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында волейбол, баскетболл, стол теннисі, таэквондо, тоғыз құмалақ және футбол спорт секциялары жұмыс жасайды.

Көркемөнерпаздар үйірмесі де жақсы жолға қойылған, әншілер, бишілер ұжымы жылда өткізіліп отыратын өнер фестивалінде және спортшыларымыз көптеген халықаралық жарыстарда көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болып келеді.

Осылайша заман талабына сай маман даярлауды міндет етіп қойған көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі сені оқуға шақырады! Сенде қосыл жас талап! Қазақстанның болашағы-өзіңсің.

2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаймыз

1. 06120100   Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
2. 07130100   Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)
3. 07150500   Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)
4. 07161300   Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
5. 07230100   Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
6. 07320100   Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану
7. 07321200   Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану
8. 10130300   Тамақтандыруды ұйымдастыру

Колледж туралы

Түркістан қаласындағы Көпсалалы идустриалды-техникалық колледжі 1971 жылғы тамыз айында №93 орта кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.

Байланыс

Тел: +7 725 33 5-27-51

Факс: +7 725 33 5-27-51

+7 701 025 05 05

e-mail: kl-21_kairat@mail.ru

 

 

Біздің мекен-жай:

Кері байланыс