Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру
Колледждің жұмыс оқу бағдарламаларындағы өндірістік оқыту мен кәсіптік практикасы "Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына сәйкес орындалады. 2023-2024 оқу жылының жұмыс оқу жоспарына сәйкес оқу топтарының практикаға шығу жайлы өндіріс орындарымен келісім шарт жасалып, кәсіптік практикаға шығу жайлы алдын-ала барлық құжаттар дайындалды. Оқу өндіріс шеберлері практикаға орналасқан студенттердің жұмыс орындарына баруын, техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын және еңбекті қорғау шараларының орындалуын бақылауға алды. Осы жұмыстардың орындалуы туралы топқа бекітілген өндірістік оқыту шеберлеріне бейне және фото материалдар дайындап, колледждің сайтына орналастыру және насихаттау тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына сәйкес барлық мамандықтарға практика базалары ретінде ұйымдар айқындалды. Дуалды оқыту бойынша оқу топтарының барлық студенттермен жеке -жеке келісім-шарттар түзілді.