
Абпазов Айдос Кенжеханович-колледж директоры
Айдос Кенжеханұлы Абпазов - білім беру саласында 24 жыл еңбек етіп келеді. Еңбек жолындағы өмір – деректеріне зер салсақ, 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін колледж директоры, оған дейін тарих пәнінің оқытушысы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Айдос Кенжеханұлы Абпазов – бүгінгі күннің өзекті мәселелерін терең түсінетін жаңашыл басшы.
Оның ұйымдастырушылық қабілеті, мақсаттылығы, қажырлығы мен табандылығы, ауқымы ойлау парасаттылығы өзі басқарып отырған колледжді алдыңғы қатарлы алдыңғы қатарлы оқу орындарының санатына жеткізуде.
Айдос Кенжеханұлы Абпазов – Түркістан облысының директорлар Кеңесінің төрағасы, Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің арнайы мониторинг тобының жетекшісі.
Ол-тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», 2021 жылы қаламыздың дамуы мен өркендеуіне, білім саласының жүйеленуі мен жаңа реформаларды үйлестіріп, рухани құндылықтарға негіздеудегі жұмыстары ескеріліп Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» атағын иеленді.
Қазіргі таңда Айдос Кенжеханұлы өзі басқарып отырған колледждің жұмысы кәсіптік білім беру талаптарына сай жүргізілуде.
Жаңалыққа жаны құмар жаңашыл басшы – оқу үдерісін заманауи техникалық құралдармен қамтамасыз етіп, оқыту жүйесінде жаңа бағдарламалар мен озық технологияларды қолдануға, оқытудың озық әдістері мен түрлерін оқу процесіне енгізуге көп көңіл бөледі. Болашақ ұрпақты білім мен тәрбие құндылығына баулумен бірге, салауатты өмір салтын ұстау қағидаларына тәрбиелеп жүрген басшы.

Изтлеуова Узипа Назировна-директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары

Досаев Мурат-директордың оқу өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары

Байсеит Нурбол Нургалиевич-директордың оқу тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
Қуанышбаев Мақсат Әділханұлы-директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

Ниязбеков Айтжан Козыбаевич-директордың оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

Абдуллаев Серик-директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары

Абдрахманова Қарлығаш-кадр бөлімінің меңгерушісі
