
Түркістан қаласындағы «Көпсалалы идустриалды-техникалық колледжі» 1971 жылғы тамыз айында No93 орта кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.
1996 жылы тамыз айында Түркістан қаласындағы No38 кәсіптік техникалық училище, No21 кәсіптік техникалық училище, No14 кәсіптік-техникалық училище және No29 кәсіптік-техникалық училищелер біріктіріліп, No21 кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылды.
2004 жылы ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің бұйрығымен Түркістан қаласындағы No21 кәсіптік мектепке лицей статусы беріліп, «No21 кәсіптік лицей» болып қайта аталды.
2012 жылғы Облыс әкімдігінің 24 желтоқсандағы No394 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім департаментінің «No21 кәсіптік лицей» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «No21 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
2018 жылғы Облыс әкімдігінің 18 маусымдағы No174 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «No21 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 15 тамыздан бастап Түркістан облысының білім басқармасының «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.