ОҚУ БӨЛІМІ
Оқу Бөлімі мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес апталық жүктеме нормаларын сақтай отырып, оқытудың барлық нысандары мен деңгейлері бойынша оқу сабақтарының кестесін, сондай-ақ емтихан сессияларының кестесін жасайды және бекітеді. Бөлім оқу сабақтарының, емтихандардың кестесін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Оқу бөлімнің мақсаты колледждің оқу процесін перспективалық және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау болып табылады.
Бөлімнің міндеттері оқытушылардың оқу жүктемесі мен штаттық кестесін келісу, педагогикалық жүктемесінің орындалуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Оқу бөлімі колледж оқу жүйесінің негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Изтлеуова Узипа Назировна басшылық етуде.
Оқу бөлімінің құрамында оқу бөлім меңгерушісі және 3 бөлім меңгерушілері бар.

Ақбаева Ырыскүл-оқу бөлім меңгерушісі

Сәрсенбаева Жұлдызай-бөлім меңгерушісі

Қаратаева Гүлжан-бөлім меңгерушісі

Молдалиев Максат-бөлім меңгерушісі
• колледждегі оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Конституциясы, техникалық және кәсіби білім беру мен басқа да құқықтық-нормативті актілер және колледж жарғылары негізінде жүзеге асады;
• оқу процесінің басты ұйымы оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлау және есеп беру;
• оқу ісін жоспарлау оқу кестесін және теориялық, тәжірибелік сабақтар кестесін оқу жылына бекіту арқылы жүзеге асады;
• оқу келесідей бөлім түрінде жүргізіледі: күндізгі (негізгі және жалпы білім беру аясында);
• студенттердің аралық үлгерімі, ағымдық және қорытынды аттестациясы ҚР «Білім туралы» Заңы аясында орындалады;
• заманауи ғылым мен техниканың, педагогика және психология талаптарына сәйкес оқу әдістемелік материалдар мен оқулықтар басылымы және даярлығы;
• оқу процесіне бағдарламалық қамсыздандыру жүйесін, автоматтандырылған оқу жүйесін, сабақтардың ақпараттық қамсыздандырылған жүйесін дамыту және енгізу;
• педагогтың шығармашылық әлеуетін арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру мүмкіндігін ұйымдастыру, оқытушылардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру;
• қабылдау комиссиясынан құжаттарды алған мезеттен бастап, түлектердің жеке құжаттарын мұрағатқа өткізу уақытына дейін студенттің ісін жүргізу;
• студент контингенті туралы статистикалық мәліметтерді дайындау және өңдеу;
• тесттік бақылау жүргізу;
• озық педагогикалық тәжірибені жариялау, ұлағаттау және үлгі ету,
• студенттердің өзіндік және шығармашылық жұмыстарын жетілдіру.