"КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

Image

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі МКҚК

«Студенттік парламент» білім алушылардың  өзін-өзі басқару ұйымы

 

  1. Негізгі міндеттері

 Студенттік парламент негізгі міндеттері болып табылады:

1.Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту; студенттік ұжымының басқару процестерін жандандыру;

1.2. Студенттік өзін-өзі ұйымдастыру органдарының өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

1.3. Білім беру процесінің шеңберіндестуденттердің құқықтарын қорғау, студенттік мүдделерін қорғау және ұсыну;

1.4. Студенттердің белсенділігін, жауапкершілігін дамыту;

1.5 Студенттік мәселелерді қоюға және шешуге қабілетті беделді, сауатты, әлеуметтік тәжірбиелі студенттер активін құру.

 

  1. Студенттік парламент қызметінің принциптері

Студенттік парламент өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:

2.1.Шешімдерді қабылдау және олардың орындалуына жауапкершілік үшін ұжымшылдық;

2.2. Студенттер алдында парламент мүшелерінің өз қызметі туралы мерзімді есептілігі;

2.3. Пікірлер еркіндігі.   

 

  1. Студенттік парламенттің өкілеттіктері

3.1.Студенттік парламент жұмысын келесі бағыттар бойынша ұйымдастырады, үйлестіреді:

- студенттердің оқу қызметі;

- студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі;

- студенттердің мәдени-спорттық қызметі;

- студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

3.2. Студенттік парламент студенттердің тікелей мүдделерін қозғайтын әртүрлі деңгейдегі мәселелерді қарауға қатысады.

3.3. Студенттік парламент өз міндеттерін шешу үшін:

- оқу процесін ұйымдастыру және мазмұнын  жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

- студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстары, ғылыми шығармашылықты әр түрлі конкурстарды өткізу және ұйымдастыруға көмектеседі, бастамашылық жасайды;

- студенттердің әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысады;

- түрлі нысандарында студенттік бастаманы дамыту құруға жәрдемдеседі,;

- спорттық жарыстар, демалыс кештерін, көрмелер және өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

- студенттердің мәселелер бойынша, олардың өміріне байланысты пікірін зерттейді.

Image

Өзін-өзі басқару ұйым президенті-Кәрімжан Аяулым

Image

Құқық және тәртіп фракция төрағасы-Әбсемет Әділет

Image

Еріктілер фракция төрағасы-Ермахан Арай

Image

Ақпарат фракция төрағасы-Әбдрахман Сәбина

Image

Спорт және салауатты өмін фракция төрағасы-Әуелхан Әділет

Колледж туралы

Түркістан қаласындағы Көпсалалы идустриалды-техникалық колледжі 1971 жылғы тамыз айында №93 орта кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.

Байланыс

Тел: +7 725 33 5-27-51

Факс: +7 725 33 5-27-51

+7 701 025 05 05

e-mail: kl-21_kairat@mail.ru

 

 

Біздің мекен-жай:

Кері байланыс