"КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

ЖАСТАР ТАБИҒАТҚА ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТТЫ

29.04.2025 жылТүркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Өнегелі ұрпақ» атты ауқымды іс-шара өтті. Шараға Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжіміздің 100 студенттері мен жас депутаттар белсене қатысты.

Экологиялық бастама аясында қатысушылар Қызылорда тас жолының бойымен өтетін Қарашық өзенінің айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бұл жұмыстар арқылы жастар табиғатты қорғауға өздерінің азаматтық үлестерін қосты.

Игі шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты қоршаған ортаны аялауға, тазалық пен тәртіпке баулуға, табиғатқа жанашыр болуға және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге бағытталды.

Қала тұрғындарын табиғатқа бейжай қарамай, Қарашық өзенінің маңын таза ұстауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Таза қала – ортақ міндет!

 https://www.facebook.com/share/v/18RNR8eZgo/

 

Write comment (0 Comments)

“Қош келдің, Әз-Наурыз!”

10-шы сәуір күні өтілген “Қош келдің, Әз-Наурыз!” атты іс-шарада бірлік пен береке, шаттық пен қуаныш қатар өрбіді. Ұлттық ойындар, ән-күй, дәмі тіл үйірер наурыз көже – бәрі де көпшіліктің көңілінен шықты!

Жаңарған жыл баршаңызға жақсылық, молшылық, денсаулық пен табыс әкелсін!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

https://www.facebook.com/share/r/1GALCpZfjs/

Write comment (0 Comments)

Қарттарымызға қайырымдылық жасау.

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қарттарымыздың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске әрбір адамның азаматтық парызы.

Осы орайда, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-мен бірлесе отырып  2025 жылы 28-сәуір “Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы” жобасы аясында колледжіміздің студенттері мүмкіндігі шектеулі қарттарымыздың үйіне барып тазалық жұмыстарын жүргізді.

https://www.facebook.com/share/v/1PNHxR8SmD/

Write comment (0 Comments)

WorldSkills Turkistan–2025 Чемпионаты ашылды!

23 сәуір күні Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде

Облыстық WorldSkills Turkistan–2025 чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

 

Ашылу салтанатында Түркістан облысы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Налжігітова Рысалды Оңғарқызы, Кірпіш қалау бағыты бойынша WorldSkills Қазақстан чемпионатының бас сарапшысы, Семей құрылыс колледжінің аға шебері Макишев Асқар Навиевич, Колледж директоры Абпазов Айдос Кенжеханұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға ыстық ықыластарын білдіріп, сәттілік тіледі.

 

Шара барысында колледж студенттері ән айтып, би билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Чемпионат аясындағы сайыстар әлі жалғасуда. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!

https://www.facebook.com/share/v/1AH4RMXCeA/

 

Write comment (0 Comments)

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ

Көпсалалы индустриалды техникалық колледжінің кітапханасында "Сүйікті кітабым" атты студенттер арасында челленджі өтті.

Мақсаты:Студенттерге кітап оқу маңыздылығын ұғындыру, әдеби дағдыларын қалыптастыру, оқырман көзқарасын дамыту.

✅ Студенттер өздері оқыған сүйікті кітаптарын  таныстырды.

  ✅Кейіпкерлерді сипаттап, мазмұнға шолу жасады.

✅Әр шығармаға қатысты жеке пікірлерімен бөлісті.

https://www.facebook.com/share/v/16NBnk7vju/

Write comment (0 Comments)

Тән  саулығы, жан саулығы

1 

Сәуір айының  2 жұлдызында  «Ғылыми-жаратылыстану»  әдістемелік бірлестігінің  «Тән  саулығы, жан саулығы»  тақырыбы    аясында   он күндіктің  ашылу салтанаты өтті.  Ашылу салтанатының мақсаты «Білім алушылардың денсаулық туралы түсінігін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын ұғындыру, физикалық және психологиялық саулықтың өзара байланысын көрсету. Денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаларын үйрету, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және психологиялық тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру»  Ашылу салтанатты барысында  «Жасыл аймақ» көрмесі  ұйымдастырылды. Табиғаттың  адам үшін маңыздылығы түсіндіріліп, табиғаттың тазалығын сақтау үшін қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстары туралы айтылды. Сонымен қатар «Денсаулық бұрышы»  ұйымдастырылып, оқытушылар мен студенттердің  қан қысымын, қандағы глюкоза, су, май, кальция  мөлшерін  анықтап берді. Нәтижелерге байланысты тамақтану бойынша кеңес берілді.

«Есептеу техникасы  және ақпараттық  желілер» мамандығы бойынша жаңа технологиялардың жұмыс істеу барысымен таныстырылды.  Сергіту сәтінде логикалық сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылды.

 

https://fb.watch/yQs6D6XK3N/

Write comment (0 Comments)

БІЛІМ КҮНІ. БЕЙБІТШІЛІК КҮНІ!

01.09.2024жыл “Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі” МКҚК 1-қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай «Білім күні. Бейбітшілік күні» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Колледж директоры Айдос Кенжеханұлы колледж ұжымын және білім алушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
 
Write comment (0 Comments)

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ІШКІ ТАЛДАУ

2024 жылғы 20 маусым күні “Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі” МКҚК Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстары бойынша ашық кеңес өтті.
Кеңес барысында тиісті талдамалық анықтама дайындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары талқыланды.
Write comment (0 Comments)

Колледж туралы

Түркістан қаласындағы Көпсалалы идустриалды-техникалық колледжі 1971 жылғы тамыз айында №93 орта кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.

Байланыс

Тел: +7 725 33 5-27-51

Факс: +7 725 33 5-27-51

+7 701 025 05 05

e-mail: kl-21_kairat@mail.ru

 

 

Біздің мекен-жай:

Кері байланыс