"КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

Нашақорлыққа жол жоқ!

Write comment (0 Comments)

Жастар ресурсы ортал.«Жұмысшы мамандықтары жылы» орай оқушыларды экскурссия келуі

Write comment (0 Comments)

Бүгінгі Үлкен Қадам – Жаңа Қазақстанға Жол!

2025 жылғы қыркүйектің 8-і, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен сессиясында Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауды жариялады 

Оның мәні – бір жылға ғана тоқтамайтын, ұлттық даму жолын жаңа деңгейге көтеретін кең ауқымды міндеттер мен мақсаттарды айқындауда.

 

Негізгі бағыттар:

  1. Цифрландыру мен жасанды интеллект (ЖИ)

Жолдаудың негізгі идеясы – цифрлық технологияларды кеңінен дамыту және ЖИ-ді жаппай енгізу. Бұл қадам – Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясының негізі болмақ.

  1. Инвестиция тарту: өңдеу саласына жаңа серпін

Тоқаев шетелдік капиталды шикізатқа ғана емес, өндеу саласына бағыттаудың маңыздылығын атап өтті. Үкіметке инвесторларға арналған салық жеңілдіктерін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, Заңсыз активтерді қайтару ведомствосының атауын “Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті” деп өзгерту ұсынылды  .

  1. Қоғамдық тәртіп пен мәдениеттілік

Елдің тыныштығын сақтап, “Заң және тәртіп” қағидатын қоғамымызда нығайту – Жолдаудың тағы бір маңызды бағыты. Мемлекет басшысы азаматтарды қоғамдық тәртіпті құрметтеп, мәдениетті қарым-қатынасқа негізделген патриоттық сананы арттыруға шақырды.

Колледж ұжымы ретінде сіздерге арналған ықпалды ұран:

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледж ұжымы бүгінгі Жолдауда қаралған цифрлық даму, интеллектуалдық, мәдени-этикалық және экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға өз үлесін қосуға дайындығын білдіреді!

Біз – жетістіктің және өзгерістің бастауындабыз. Әрбір қадамымыз – елдің дамуына, білім сапасының артуына, кәсіби мамандар дайындауға бағытталған!

 

Write comment (0 Comments)

Біз буллингке қарсымыз!!!

Буллинг — бұл тек сөзбен емес, жүрекке де ауыр жаралар салатын әрекет. Әрбір адамның қадірі мен құқықтары бар. Біз бір-бірімізді құрметтеп, түсіністікпен қарауымыз керек!

 Буллингтің зиянды әсерлері:

Психологиялық жаралар мен күйзеліс.

Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі.

Әлеуметтік қарым-қатынасқа кедергілер.

 

 Біз тек өзіміздің емес, өзгелердің де құқықтарын құрметтейік.

 Қатыгездікке жол жоқ!

     

#БізБуллингкеҚарсымыз #Құрмет #Түсіністік #ӘлеуметтікЖауапкершілік

Write comment (0 Comments)

Ата-аналар жиналысы өтті

Бүгін Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде ата-аналармен кездесу өтті. Жиналыстың басты мақсаты – студенттердің оқу үлгерімі мен тәртібін талқылап, ата-ана мен оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Колледж директоры Абпазов Айдос Кенжеханұлы жиналыс барысында сөз сөйлеп, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі мен оқу орнының мақсат-міндеттерін атап өтті. Ол өз сөзінде:

«Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тұтқасы. Сол себепті колледж бен ата-ананың бірлесе әрекет етуі – сапалы білім мен саналы тәрбие кепілі. Біз студенттеріміздің тек білімді ғана емес, жан-жақты, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына бар күшімізді саламыз» – деп атап өтті.

Жиын барысында:

  1. 2025-2026 оқу жылындағы студенттерді қабылдау барысындағы парақорлық;
  2. Қазіргі таңда жатақханамызда 75 студент жатыр, олар түскі ас, кешкі аспен қамтылады және асхана кезекшілігі студенттердің қауіпсіздігіне жауап берілуі;
  3. Ата-аналармен тығыз жұмыстар жасау. Мысалы:эстафеталық ойындар, түрлі білім рингі сайыстарына ата-аналармен бірге жұмыстар атқарылады. Ата -аналар комитеті құрылады, сол бойынша бірлесіп жұмыс жасау;
  4. Студенттердің жетістіктері мен алдағы жоспарларымен бөлісілді;
  5. Ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

Ата-ана мен колледждің ынтымақты байланысы – болашақ ұрпақтың жарқын болашағына бастар жол!

Осындай кездесулер алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

Write comment (0 Comments)

ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 18.09.25ж. күні "Түркістан қаласына  ерекше мәртебе беру" аясында арнаулы және орта білім беру ұйымдарының студенттері арасында өтіп жатқан спартакиада да кіші футбол жарысында колледжіміздің командасы жүлделі ІI орын жеңіп алды.

Жеңістеріңіз құтты болсын!

Write comment (0 Comments)

«Президент Жолдауы - білім саласына серпін: Колледж ұстазы елорда төрінде».

Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжіміздің қызметкері, Кәсіподақ ұйымының төрайымы, арнайы пән оқытушысы Раушан Ахметова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен Жолдау аясында сұхбаттасу құрметіне ие болды.

Бұл маңызды кездесуде Жұмысшы мамандықтар жылының маңызы, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Бұл – біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш әрі еңбек адамына, ұстаздар қауымына деген зор құрметтің көрінісі.

Президент Жолдауындағы бастамалар – еліміздің болашағына үлес қосатын білікті мамандар даярлауда бізге тың серпін береді.

Write comment (0 Comments)

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы.

2025 жылдың 12-қыркүйек күні Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде Көліктегі полиция департаментінің Түркістан станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсетілетін учаскесі "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Түркістан станциясындағы желілік полиция қызметкерлері және темір жол ұйымдарының қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды, ұсақ бұзақылық, вандализм фактілерін анықтауға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Write comment (0 Comments)

Колледж туралы

Түркістан қаласындағы Көпсалалы идустриалды-техникалық колледжі 1971 жылғы тамыз айында №93 орта кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.

Байланыс

Тел: +7 725 33 5-27-51

Факс: +7 725 33 5-27-51

+7 701 025 05 05

e-mail: kl-21_kairat@mail.ru

 

 

Біздің мекен-жай:

Кері байланыс