Көпсалалы индустриалды-техникалық колледждің жатақханасында студенттермен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында:
- құқықбұзушылықтың себептері мен салдары;
- жасөспірімдердің жауапкершілігі;
- заң алдындағы міндеттер;
- интернеттегі қауіпсіздік және кибербуллинг мәселесі;
- колледж және жатақхана тәртібі
туралы маңызды ақпараттар айтылды.
Шараға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры М.Смайлов, учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А. Әбілдаев, полиция инспекторы полиция капитаны М.Турлубаев, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтейнанты Е.Перне және колледжіміздің жатақхана тәрбиешісі А.Жайдарбекова және тәрбие бөлімінің мамандары қатысып, студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар студенттер көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған кеңестермен бөлісті.
✨ Мұндай кездесулер студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталған.
Қауіпсіз орта — әрбір жастың жарқын болашағының кепілі!



Comments powered by CComment