Біртұтас тәрбие жобасы аясында ұлы ақын, ойшыл, философ – Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай колледжіміздің кітапханасында
"Адамзаттың Абайы" атты әсерлі әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер Абайдың өмір жолы мен шығармашылығы жайлы терең мағлұмат алып, өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, әндерін нақышына келтіре орындады. Абай әлеміне саяхат жасаған бұл кеш — жастарды рухани байытуға, адамгершілік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеуге бағытталды.

Comments powered by CComment